Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан әйелдер құрамасы спорттық гимнастикадан Әлем чемпионатында өнер көрсетті

Опубликовано:

гимнастика
Көрнекі фото: pexels.com

Англияның Ливерпуль қаласында спорттық гимнастикадан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Апта бойы 74 елден келген 400-ден астам таңдаулы гимнаст өзара бақ сынайды. Бұл қатарда былтырғы 6 әлем чемпионы бар, деп жазады Спортты дамыту дирекциясы.

Іріктеуде қазақстандық Аида Бауыржанова 77(46.765 балл), ал Көркем Ербосынқызы 107-орыннан (41.799) көрініп, келесі кезеңге өте алмады.

Айта кетейік, Ливерпуль – спорттық гимнастикадан Әлем чемпионатын қабылдап жатқан Ұлыбританиядағы 4-қала. Бұған дейін Бирмингем (1993), Лондон (2009) мен Глазгода (2015) жылдың үздіктері анықталған.

Айта кетейік, мұнда Париж Олимпиадасында өнер көрсететін 6 команда (ерлерден 3, әйелдерден 3) анықталмақ. Келесі жылы әлем чемпионаты Бельгияның Антверпен қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1995124-qazaqstan-aielder-quramasy-sporttyq-gimnastikadan-alem-cempionatynda-oner-korsetti/

pixel