Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Поль Погба футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатына қатыспайтын болды

Опубликовано:

Поль Погба
Поль Погба. Фото: James Williamson - AMA/Getty Images

Туриндік "Ювентус" пен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатына жарақатына байланысты қатыспайтын болды. Бұл ақпаратты оның агенті Рафаэль Пимент растады, деп жазады Sports.ru.

"Кешегі және бүгінгі медициналық тексерулердің нәтижесін хабарлауға мәжбүрмін. Погбаға отадан соң әлі қалпына келу жұмыстары өте қажет.

Сондықтан Поль футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатында Франция құрамасына көмектесе алмайды", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатына Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Нголо Кантенің жарақатына байланысты қатыспайтынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1995125-pol-pogba-futboldan-katarda-otetin-alem-cempionatyna-qatyspaityn-boldy/

pixel