Гимнастикадан Әлем чемпионатының финалына екі қазақстандық шықты
Опубликовано:

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында спорттық гимнастикадан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін сынға түскен 2 қазақстандық жекелей сында финалға жолдама алды, деп жазады Спортты дамыту дирекциясы.
Милад Карими еркін жаттығуда 14.733 ұпаймен 3-орын алса, Нариман Курбанов ат снарядында өнер көрсетіп, 3-сатыға тұрақтады (15.033 ұпай).
Жеке бағдарламадағы финал 5 қарашада өтеді. Мұнда іріктеуде алған ұпайлар есепке алынбайды.
Өкінішке қарай, командалық сында Ұлттық құрама іріктеуде 18 орынға ие болып, ақтық сынға өте алмады. Ел намысын Милад Карими, Нариман Курбанов, Дмитрий Патанин, Ілияс Азизов пен Эмиль Ахмеджанов қорғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1995247-gimnastikadan-alem-cempionatynyn-finalyna-eki-qazaqstandyq-syqty/