"Астана" футбол клубы маңызды мәлімдеме жасады
Опубликовано:

"Астана" футбол клубы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында ресми мәлімдеме жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бірқатар БАҚ-та Тастанбек Құтжанұлы Есентаев "Астана" футбол клубының бас директоры қызметінен кеткені туралы ақпарат жарияланды.
Бұл деректің шындыққа жанаспайтынын ресми мәлімдейміз: елордалық клубы еш өзгеріссіз жұмысын жалғастырып жатыр.
"Астана" футбол клубының баспасөз қызметі тек клубтың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа жүгінуіңізді сұрайды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1995282-astana-futbol-kluby-manyzdy-malimdeme-zasady/