Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Герасименко Халықаралық турнирде ел намысын қорғайды

Опубликовано:

Кирилл Герасименко
Кирилл Герасименко. Фото: olympic.kz

Словенияның Нова-Горица қаласында үстел теннисінен халықаралық турнир басталды. Байрақты бәсекеде ел намысын Кирилл Герасименко қорғайды, деп жазады Ұлттық Олимпиада комитеті.

Турнирге әлемдік рейтинг кестесінде тоғызыншы орыннан 50-ші орынға дейін орналасқан спортшылар қатысады.

Қазақстандық Кирилл Герасименко (рейтингте 31-орында тұр) 3-қарашада 1/16 финалында Маркуш Андре Соуза да Силва Фрейташпен (Португалия) кездесу өткізеді.

Ол екі дүркін Еуропа чемпионы, Еуропа ойындарының чемпионы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының ширек финалисі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1995288-gerasimenko-xalyqaralyq-turnirde-el-namysyn-qorgaidy/

pixel