Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия біріншілігі: Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов жарысты бастайды

Опубликовано:

Сакен Бибосынов
Сакен Бибосынов. Фото: instagram.com/olympickz

Бүгін Иордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионатының екінші жарыс күні басталады. Шаршы алаңға екі қазақстандық боксшы шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алғашқы жарыс күнінде қазақстандықтар ринге көтерілген жоқ. Бүгін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов бірінші кездесулерін өткізеді.

51 келідегі Бибосынов үнділік Спарш Кумармен кездессе, Теміржанов түркменстандық Ихлаз Гылычжановқа қарсы шығады.

Айта кетелік, бокстан Азия біріншілігі биылғы маусымдағы ең маңызды әрі соңғы жарыстардың бірі.

Сары құрлық додасы 10 салмақ дәрежесінде өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995324-bokstan-aziya-birinsiligi-alem-cempiony-saken-bibosynov-zarysty-bastaidy/

pixel