Чемпиондар лигасының топтық кезеңі "Атлетико" клубы үшін сәтсіз аяқталды (фото)
Опубликовано:

Мадридтік "Атлетико" осы маусымда еурокубоктардан тыс қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Түнде UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы тур ойындары өтті.
"Атлетико" сырт алаңда португалиялық "Портуға" 2:1 есебімен ұтылып, өз тобында төртінші орынға ие болды.
Осылайша, мадридтік ұжым Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан тыс қалып отыр.
В тобының нәтижесі:
1. "Порту" - 12 ұпай,
2. "Брюгге" - 11 ұпай,
3. "Байер" - 5 ұпай,
4. "Атлетико" - 5 ұпай.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1995364-cempiondar-ligasynyn-toptyq-kezeni-atletiko-kluby-usin-satsiz-ayaqtaldy-foto/