Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты: Санатәлі Төлтаев Өзбекстанның үздік боксшысынан ұтылды

Опубликовано:

Санатәлі Төлтаев жекпе-жек кезінде
Санатәлі Төлтаев: kfb.kz

Бокстан Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасының өкілі Санатәлі Төлтаев жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Санатәлі турнирді екінші кезеңнен бастады. Оның қарсыласы - Өзбекстан чемпионатының үздік боксшысы Руслан Абдуллаев болатын.

Өкінішке қарай, жекпе-жек қорытындысы бойынша Төлтаев жеңіліске ұшырап, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті өзбек боксшысына берді.

Күндізгі сессияда сынға түскен тағы бір боксшымыз, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов түркменстандық спортшыны айқын басымдықпен жеңді. Теміржановтың келесі қарсыласы - иорданиялық Юсеф Йошаш.

Кешкі сессияда 2021 жылғы әлем чемпионы Сәкен Бибосынов шаршы алаңға шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995451-bokstan-aziya-cempionaty-sanatali-toltaev-ozbekstannyn-uzdik-bokssysynan-utyldy/

pixel