Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов үнділік қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

Бокстан Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші жарыс күнінің кешкі сессиясы өтуде. Бірінші болып рингке шыққан Сәкен Бибосынов үнділік қарсыласын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Бибосынов үшін бірінші кездесу өте қиын өтті. Қарсыласы бойының қысқалығы мен тәжірибесінің аздығына қарамастан, Сәкеннің әлем чемпионы атағынан қаймыққан жоқ. Соққыларын өткізіп, төрешілер сеніміне кірді. Бірінші раундта 3:2 есебімен Спарш алға шықты.

Екінші раундта Сәкен алға ұмтылып, есеп айырмашылығын қысқарту үшін барын салды. Ол қарсыласын соққының астына алып, төрешілер бұл кезеңді бірауыздан Сәкеннің еншісіне жазды.

Ал шешуші раундта Сәкен сылбыр көрінгенімен, соққылары қарсыласқа тиіп, әділ-қазылар 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Көптен бері шаршы алаңға шықпаған Сәкен Бибосынов үшін бұл кездесу оңай болған жоқ. Десе де, әлем чемпионы атағын жеңіп алған боксшы келесі кезеңге өтті. Оның келесі қарсыласы - малайзиялық Арифин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995466-alem-cempiony-saken-bibosynov-undilik-qarsylasyn-zenip-sirek-finalga-syqty/

pixel