Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кім шығады

Опубликовано:

Назым Қызайбай жекпе-жек кезінде
Назым Қызайбай. Фото: kfb.kz

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінде үшінші жарыс күні басталады. Бүгін Қазақстан сапынан бір спортшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана уақытымен сағат 21:00-де басталатын кешкі сессияда қазақстандық Назым Қызайбай шаршы алаңға көтеріледі.

Назымның қарсыласы - таиландтық Раксат Чутхамат. Бұл әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта өтетін жекпе-жек.

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде үш қазақстандық боксшы кездесу өткізіп, біреуі жарысты аяқтады. Келесі кезеңге өткендер қатарында Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржанов бар.

Азия біріншілігі жылдың соңғы ірі жарысы екенін айта кеткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995544-bokstan-aziya-cempionaty-bugin-sarsy-alanga-kim-sygady/

pixel