Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Әлем чемпионаты шаңғымен тұғырдан секіру маусымының ерте басталуына қалай әсер етті

Опубликовано:

Жарыс
Фото: olympic.kz

4-5 қараша аралығында Польшаның Висла қаласындағы Адам Малыш атындағы шыңда шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтеді. Жалпы бұл осы спорт түріндегі ең ерте басталатын, әрі ұзаққа созылатын маусым болғалы тұр. Басталуы – 2022 жылғы 4 қараша, аяқталуы – 2023 жылғы 2 сәуір, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Алғашқы кезеңде Қазақстан құрамасы сапында Сабыржан Мүмінов, Данил Васильев пен Вероника Шишкина бақ сынайды. Бас бапкер – Қайрат Биекенов.

Маусым неге ерте басталады?

Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) тұғырдан секіру жарыстарының директоры Сандро Пертиле Әлем Кубогындағы өзгеріс туралы сөз қозғады.

"Катардағы футболдан әлем чемпионатымен тұспа-тұс келгендіктен осы шешімді қабылдадық. Қарашаның 20-сы мен желтоқсанның 18-і аралығында көптеген жанкүйер футбол көреді. Әсіресе, алғашқы аптада күніне 5 матчтан болады. Көптеген арна мен ФИФА арасында келісім барын ескерсек, ол кезде шаңғымен тұғырдан секіруге эфирде уақыт жетпейтіні түсінікті. Бір жағынан осы күнтізбе арқылы біз бұл спорттың мезгіл таңдамайтынын көрсетеміз", - деді ол.

Пертиленің сөзінше, спортшылар қысқа дейін көктемде жүгіруге арналған пластик кілемшелері бар керамикадан жасалған жолақтарда, ал күзде мұз жолақтарда өнер көрсете алады. Бұл арқылы ол тұғырдан секіруді бірнеше төсеніште өткізуге болатын тенниспен салыстырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1995567-futboldan-alem-cempionaty-sangymen-tugyrdan-sekiru-mausymynyn-erte-bastaluyna-qalai-aser-etti/

pixel