Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан әлем чемпионатын қайдан көруге болады

Опубликовано:

теледидар
Көрнекі фото: pexels.com

Qazaqstan және Qazsport телеарналары футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы Қатарда өтетін футолдан Әлем чемпионатын көрсету құқығын иеленді. Қазақстандық жанкүйерлер чемпионат матчтарын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

Сонымен қатар qazaqstan.tv және qazsporttv.kz cайты мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалатыны белгілі болды.

Бұдан бөлек 20 қарашадан бастап "Қазақстан" телерадиокорпорациясының түсірілім тобы Қатар стадиондарынан репортаждар ұсынып, тікелей қосылымдарға шығады.

Ал ойындарды жүргізетін комментаторлар мен матчтар кестесі жақын уақытта жарияланады.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1995573-futboldan-alem-cempionatyn-qaidan-koruge-bolady/

pixel