Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

37 жастағы Лука Модрич Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты

Опубликовано:

Лука Модрич кезекті матчын өткізуде
Лука Модрич жасыл алаңда. Фото: twitter.com/ChampionsLeague/

Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич жаңа рекорд орнатты. Ол Чемпиондар лигасында пенальтиден гол соққан ең жасы үлкен футболшы атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, түнде Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің соңғы туры өтті. "Реал Мадрид" өз алаңында шотландиялық "Селтикті" 5:1 есебімен ойсырата ұтты. Матчтағы есепті алтыншы минутта Лука Модрич он бір метрлік айып добынан ашты.

Осылайша, "Реал Мадридтің" жартылай қорғаушысы Чемпиондар лигасында пенальтиден гол соққан ең жасы үлкен футболшы атанып отыр (37 жас 54 күн).

Айта кетейік, бұған дейін аталған рекорд "Лилль" шабуылшысы Бурак Йылмазға тиесілі еді. Ол 36 жасында (36 жас 244 күн) "Челси" қақпасына пенальтиден гол соққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1995588-37-zastagy-luka-modric-cempiondar-ligasynda-zana-rekord-ornatty/

pixel