Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Parimatch пен Team Secret серіктестік туралы келісімге қол қойды

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

Parimatch халықаралық беттингтік бренді әлемдік киберспорт индустриясына қолдауын кеңейтуде: 00Nation-мен келісімге қол қойғаннан кейін небәрі бір айдан соң ол әлемдегі жетекші киберспорт ұйымы Team Secret-пен эксклюзивті халықаралық серіктестік орнатты. Келісім 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап күшіне енді.

Team Secret-тің негізін 2014 жылы NAVI-дің бұрынғы ойыншысы әрі капитаны Клемент "Puppey" Иванов қалады, ол The International тобының барлық турнирлеріне қатысқан мүшесі, сонымен қатар алғашқы TI жеңімпазы. Team Secret 2018 жылдан бері The International рейтингінің 6-шы орнына тұрақтаған әлемдегі ең мықты командалардың бірі болып табылады. Команданың халықаралық құрамына бес елдің ойыншылары кіреді. Жақында жігіттер The International 11 турнирінде екінші орынға жайғасып, күміс жүлдеге ие болды және 2,4 миллион доллардан астам қаражатты ұтып алды.

"Team Secret 2014 жылы пайда болғаннан бері күллі DOTA 2 қауымдастығы үшін аты аңызға айналған бренд болып табылады. Команданың табандылығы мен жауынгерлік рухы Parimatch брендінің сипаттамасымен тамаша үйлесім тапқаны анық. Біз команданы серіктестер қатарынан көргенімізге қуаныштымыз. Ынтымақтастығымыздың аясында жүзеге асырылатын алдағы барлық керемет шаралардан құр қалмас үшін бізбен бірге болыңыздар!",- деді Parimatch брендиннің өкілі Степан Шульга.

Команда Parimatch Tech компаниясының жаһандық киберспорт қауымдастығын нығайту жөніндегі мақсатын қолдайды. Ұйым командалық спортта табысқа жету үшін маңызды болып табылатын позитивті мәдениетті дамытуға бағытталған қарапайым, бірақ ұтымды философияға негізделген.

"Әлемдегі жетекші беттингтік брендтердің бірі болып табылатын Parimatch компаниясымен бірге жұмыс жасау – біз үшін мәртебе. Біздің серіктестігіміз Team Secret DOTA үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз, және біз жанкүйерлерімізге команданың ойыннан тыс шараларына негізделген бірегей контентті ұсыну үшін бірге жасалатын жұмыстарды асыға күтеміз", - деді Джон Яо, Team Secret басшысы.

"Parimatch-пен серіктестік құру - бұл Team Secret DOTA үшін мүлдем жаңа бағытқа жасалған қадам және біз осы арқылы командамен бірге ойын алаңынан тыс ерекше мазмұнды контент құруға үміттіміз", - деп Team Secret DOTA 2 командасының капитаны Клемент "Puppey" Иванов өз пікірімен бөлісті.

Бір жылдық келісімшарт талаптарына сәйкес, Parimatch Team Secret компаниясының Official Betting Partner-і болып табылады және оның логотипі ойын барысында команданың киімдерінде көрсетіледі. Келісім сондай-ақ бірнеше арнада бірлескен эксклюзивті контент құруды, кездесулер мен сәлемдесу шараларын, билеттерді және т.б. қамтиды.

Parimatch туралы ақпарат

Parimatch – инновациялық құралдар негізінде үздіксіз ойын-сауықты қамтамасыз ету мақсатында технологияны, бизнес пен спортты біріктіретін халықаралық беттингтік және технологиялық бренд. 1994 жылы Украинада негізі қаланып, бүгінгі таңда Parimatch Африка, Азия, Еуропа және Латын Америкадағы жетекші беттингтік брендтердің біріне айналды.

Team Secret туралы ақпарат

Team Secret® - әлемдегі ең үлкен алаңдарда бәсекелесу үшін және жанкүйерлеріне ең жарқын әсерді сыйлауға ұмтылатын, үздік ойыншыларды біріктіретін жаһандық киберспорттық бренд.

Біз киберспорт қауымдастығын құруға ынталымыз және қарапайым, бірақ ұтымды философияға сүйенеміз, ол командалық киберспорттың жетістігі үшін маңызды болып табылатын позитивті мәдениетті дамытуға бағытталған. Team Secret™ ұйымы бұл философияны жарнамалық демеушілікті ұсыну арқылы, дарынды ойыншылар мен команданы дамыту, бизнесті басқару, коучинг және бәсекеге қабілетті киберспорт ойыншылары арасында кәсіпқойлар мен жаңадан бастағандарға қолдау көрсету арқылы алға тартады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1995593-parimatch-pen-team-secret-seriktestik-turaly-kelisimge-qol-qoidy/

pixel