Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем Кубогы: Айдос Сұлтанғали қай елдің балуандарымен күреседі

Опубликовано:

Айдос Сұлтанғали
Айдос Сұлтанғали бозкілемде. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

5-6 қарашада Әзірбайжан астанасы Бакуде өтетін грек-рим күресінен Әлем Кубогына қатысатын елдің құрамалары белгілі болды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Екі күнге созылатын турнирдің А тобында Белградтағы Әлем чемпионатында бірінші, төртінші және бесінші орын алған Түркия, Иран, Қырғыз Республикасының бозкілем шеберлері бар.

Ал В себетіне 2-сатыдан көрінген Әзірбайжан мен алғаш рет жасақталып, бақ сынайтын Әлем балуандарының құрамасы түсті. Қазақстандық Айдос Сұлтанғали дәл осы, соңғы команда атынан өнер көрсетеді.

Айта кетейік, қызылордалық спортшы кыркүйекте Сербиядағы Әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі қола жүлдегер атанған еді.

5 қарашадағы жарыс кестесі:

1-сессия (Астана уақытымен 12:00): Түркия-Иран, Әзірбайжан-Сербия

2-сессия (19:00): Иран-Қырғызстан.

3-сессия (21:30): Түркия-Қырғыстан, Әзірбайжан-Әлем құрамасы (жеңгені финалға шығады)

Аптаның аяғында (6 қараша) әр топтағы үздік құрама өзара кім чемпион екенін анықтаса, 2-орын алғандары қола жүлдені сарапқа салады.

Айдостың қарсыласы кімдер?

Бұл салмақта (60 келіге дейін) Әзірбайжан намысын былтырғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, тәжірибелі Мурад Мамедов пен 20 жастағы Нихат Маммадли қорғамақ. Қазақстандықтың бұл балуандардың бірімен күресетіні анық. Егер топтан шығып жатса, келесі спортшылардың кез келгені қарсылас болуы мүмкін: Керем Кемал, Мүкремин Акташ (Түркия), Поуйя Мохаммад Насерпур, Мехди Сейфолла Мохсен Неджат (Иран), Нұрмұхаммет Абдуллаев (Қырғызстан).

Ал Айдостың Әлем құрамасындағы әріптестері:

Нугзари Цурцумия (55 келі, Грузия), Лери Абуладзе (63 келі, Грузия), Джони Хецуриани (67 келі, Грузия), Андрей Кулик (72 келі, Украина), Золтан Левай (77 келі, Мажарстан), Жалғасбай Бердімұратов (82 келі, Өзбекстан), Турпан Әли Бисұлтанов (87 келі, Дания), Кирилл Миленов-Милов (97 келі, Болгария), Мантас Княстаутас (130 келі, Литва).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1995658-alem-kubogy-aidos-sultangali-qai-eldin-baluandarymen-kuresedi/

pixel