Чемпиондар лигасы: Аптаның үздік ойыншысы кім (фото)
Опубликовано:

Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік футболшысы болып "Милан" шабуылшысы Оливье Жиру танылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айта кетейік, кеше Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің соңғы туры өтті.
"Милан" өз алаңында аустралиялық "Зальцбургті" қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жеткен еді. 36 жастағы шабуылшы аталған матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пасымен көзге түсті.
Естеріңізге сала кетейік, турнирдің осы аптадағы үздік футболшысы номинациясына Оливье Жирудан бөлек мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде, "РБ Лепциг" шабуылшысы Кристофер Нкунку және "Барселона" футболшысы Ферран Торрес таласты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1995661-cempiondar-ligasy-aptanyn-uzdik-oiynsysy-kim-foto/