Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Азия біріншілігін жеңіспен бастады

Опубликовано:

Назым Қызайбай11
Назым Қызайбай шаршы алаңда. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Әйелдер арасындағы Азия чемпионатында ел намысын қорғап жатқан Назым Қызайбай турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Назым Қызайбай 1/8 финалда Таиланд боксшысы Чутхамат Раксатпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.

Айта кетейік, Назым Қызайбай екі дүркін әлем чемпионы және Азия жеңімпазы.

Турнирдің ширек финалында отандық былғары қолғап шебері Моңғолия өкілі Мунгунсаран Балсанмен кездеседі. Жекпе-жек 6 қараша күні өтеді деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995666-eki-durkin-alem-cempiony-nazym-qyzaibai-aziya-birinsiligin-zenispen-bastady/

pixel