Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шакираның бұрынғы күйеуі Жерар Пике күтпеген жерден футболмен қоштасты

Опубликовано:

Жерар Пике
Жерар Пике. Фото: sports.kz

"Барселона" командасы мен Испания құрамасының 35 жастағы қорғаушысы Жерар Пике өз мансабын аяқтағанын хабарлады. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Барселона" қатарына қосылғалы бері 25 жыл өтті. Футбол мен "Барса" маған бәрін берді. Қазір балалық арманымның бәрі орындалған соң, сіздерге өз саяхатымды аяқтайтын уақыт болды дегім келеді.

Сенбідегі матч мен үшін "Камп Ноудағы" соңғы кездесу болмақ. Кейін мен команданы қолдайтын қарапайым жанкүйер боламын. "Барсаға" деген махаббатымды балаларыма да беремін. Ерте ме, кеш пе ораламын. "Барселона" жасасын", - деп жазды Пике.

Жерар Пике - Испанияның 8 дүркін, Испания кубогінің 7 дүркін, Чемпиондар лигасының үш дүркін чемпионы. Испания сапында әлем және Еуропа чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1995694-sakiranyn-buryngy-kuieui-zerar-pike-kutpegen-zerden-futbolmen-qostasty/

pixel