Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропа лигасының топтық кезеңі аяқталды: 1/8 финалға жолдама алған клубтар белгілі болды

Опубликовано:

Жасыл алаңнан тікелей эфир
Матчты видеоға түсіріп тұрған операторлар. Фото: pexels.com

Түнде Еуропа лигасының алтыншы турының матчтары өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Топтан бірінші орынмен шыққан командалар:

"Арсенал" (Англия),

"Бетис" (Испания),

"Реал Сосьедад" (Испания),

"Юнион" (Бельгия),

"Фенербахче" (Түркия),

"Ференцварош" (Венгрия),

"Фейеноорд" (Нидерланды),

"Фрайбург" (Германия).

Бұл клубтар 1/8 финалға жолдама алды.

Топта екінші орынға ие болған командалар:

"Манчестер Юнайтед" (Англия),

"Рома" (Италия)

"Унион" (Германия),

"ПСВ" (Нидерланды),

"Мидтьюлланд" (Дания),

"Ренн" (Франция),

"Монако" (Франция),

"Нант" (Франция).

Бұл клубтар 1/8 финалға берілетін жолдама үшін тағы екі матч өткізеді (өз алаңында және сырт алаңында).

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған "Аякс" (Нидерланды), "Байер" (Германия), "Барселона" (Испания), "Зальцбург" (Аустрия), "Севилья" (Испания), "Спортинг" (Португалия), "Шахтер" (Украина) және "Ювентус" (Италия) те 1/8 финалға берілетін мүмкіндік үшін барын салмақ.

Жеребе тарту рәсімі 7-қараша күні болады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1995738-europa-ligasynyn-toptyq-kezeni-ayaqtaldy-18-finalga-zoldama-algan-klubtar-belgili-boldy/

pixel