Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады

Опубликовано:

Асланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов: kfb.kz

Бүгін, 4 қарашада Йорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыс жолына үш боксшымыз шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлер арасында 48 келіде ел намысын қорғайтын Санжар Ташкенбай Өзбекстан өкілі Асылбек Джалиловпен жұдырықтасады.

67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Дулат Бекбауов түркіменстандық қарсыласы Сапармурат Одаевпен жекпе-жекке шығады.

Ал Асланбек Шымбергенов (71 келі) Филлиппин өкілі Маржон Пианьярмен кездеседі.

Былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жектері астана уақытымен 16:00-де(күндізгі сессия) және 21:00-де (кешкі сессия) басталады.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995742-bokstan-aziya-cempionaty-bugin-zarys-zolyna-kimder-sygady/

pixel