Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионаты: Қазақстандық боксшы өзбекстандық қарсыласынан басым түсті

Опубликовано:

Санжар Ташкенбай
Санжар Ташкенбай шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Йорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары жұдырықтасты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерлер арасында 48 келіге дейін салмақта ел намысын қорғап жатқан Санжар Ташкенбай Өзбекстан өкілі Асылбек Джалиловпен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды. Есеп 5:0.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995840-aziya-cempionaty-qazaqstandyq-bokssy-ozbekstandyq-qarsylasynan-basym-tusti/

pixel