Азия чемпионаты: Бүгін жарыс жолына шыққан боксшылар қалай өнер көрсетті

Опубликовано:

Дулат Бекбауов
Дулат Бекбауов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Бүгін, 4 қарашада Йорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында үш боксшымыз өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

71 келіге дейін салмақта ел намысын қорғап жатқан Асланбек Шымбергенов Филлиппин өкілі Маржон Пианьярді нокаутқа түсіріп, келесі кезеңге жолдама алды.

Ал Дулат Бекбауов (67 келіге дейінгі салмақ) түркіменстандық қарсыласы Сапармурат Одаевты төрешілердің шешімімен ұтты. Есеп 5:0.

Сонымен қатар 48 келіге дейін салмақта шаршы алаңға көтерілген Санжар Ташкенбай мен Өзбекстан өкілі Асылбек Джалилов арасында да дәл осындай есеп тіркелді. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық былғары қолғап шеберіне берді.

Осылайша, бүгін, 4 қарашада жарыс жолына шыққан үш боксшымыз да қарсыластарынан басым түсіп, келесі кезеңге жолдама алып отыр.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1995841-aziya-cempionaty-bugin-zarys-zolyna-syqqan-bokssylar-qalai-oner-korsetti/