Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Бүгін, 5 қарашада Йорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жарыс жолына жеті боксшымыз шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйелдер:

52 келі: Жазира Орақбаева — Ким Чае Вон (Оңтүстік Корея),

54 келі: Жайна Шекербекова — Хана Нарита (Жапония),

57 келі: Карина Ибрагимова — Им Ае Джи (Оңтүстік Корея),

63 келі: Аида Әбікеева — Маи Кито (Жапония),

70 келі. Дариға Шакимова — Пооджа (Үндістан),

75 келі: Валентина Хальзова — Ловлина Боргохаин (Үндістан)

Ерлер:

51 келі: Cәкен Бибосынов - Арифин (Малайзия).

Былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жектері астана уақытымен 16:00-де(күндізгі сессия) және 21:00-де (кешкі сессия) басталады.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995870-bokstan-aziya-cempionaty-bugin-zarys-zolyna-kimder-sygady/

pixel