Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Махмұдтың есесі қайта ма?": Сәкен Бибосынов жартылай финалда жапондық әлем чемпионымен кездеседі

Опубликовано:

Сакен Бибосынов
Сакен Бибосынов. Фото: Dan Mullan/Getty Images

Бокстан Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов жартылай финалға өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен малайзиялық боксшы Каюм Арифинмен кездескен болатын.

Аталған жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының басымдығымен өтті. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Сәкенге берді.

Осылайша, Бибосынов Азия біріншілігінің жартылай финалына өтті. Финал жолдамасына таласта Сәкен жапондық Томоя Цубоймен кездеседі.

Айта кетелік, Сәкен Бибосынов 2021 жылғы әлем чемпионатында 51 келіге дейінгі салмақта чемпион атанса, Томоя Цубой 54 келіде топ жарды. Жапондық боксшы қазақстандық Махмұд Сабырханды финалда жеңген болатын.

Бүгін Карина Ибрагимова, Жайна Шекербекова және Жазира Орақбаевалар келесі айналымға өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995889-maxmudtyn-esesi-qaita-ma-saken-bibosynov-zartylai-finalda-zapondyq-alem-cempionymen-kezdesedi/

pixel