Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдос Ербосынұлының титулдық жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Опубликовано:

Айдос Ербосынұлы
Айдос Ербосынұлы. Фото: Suleimen Promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен титулдық жекпе-жегі нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

WBA World титулы сарапқа салынған кездесу он екі раундқа жоспарланған болатын. Алайда жекпе-жектің аяқталуына санаулы сәт қалғанда кубалық былғары қолғап шебері Давид Моррель отандасымызды нокаутқа жіберді.

Осылайша, Давид Моррель кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Ал Айдос Ербосынұлы мансабында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.

Айта кетейік, 30 жастағы қазақстандық 2015 жылдан бастап кәсіпқой бокста өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1995919-aidos-erbosynulynyn-tituldyq-zekpe-zegi-nokautpen-ayaqtaldy-video/

pixel