Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі қазақстандық спортшы шорт-тректен әлем кубогінде жүлдегер атанды (видео)

Опубликовано:

Әділ Ғалиахметов жарыс кезінде
Әділ Ғалиахметов. Фото: olympic.kz

Шорт-тректен АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ерлер арасында 500 метрге жүгіруден сынға түскен Денис Никиша күміс жүлде жеңіп алды. Ол Нидерланд спортшысына ғана есе жіберген. Ал бұл қашықтықтағы қола жүлдені италиялық шорт-трекші жеңіп алды.

Ал Әділ Ғалиахметов 1000 метрге жүгіруден қола медаль иеленді. Бұл Әділдің әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған екінші жүлдесі. Солт-Лейк-Ситиде Ғалиахметов екі кореялық спортшыдан ұтылды.

Айта кетелік, бұдан бір күн бұрын Абзал Әжіғалиев 500 метрге жүгіруден күміс еншілеген болатын.

Ал Монреальда (Канада) өткен әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Қазақстан командасы эстафетадан күміс медаль иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1995984-eki-qazaqstandyq-sportsy-sort-trekten-alem-kuboginde-zuldeger-atandy-video/

pixel