Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасының капитаны жартылай финалға шықты

Опубликовано:

Асланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов. Фото: olympic.kz

Йорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов жартылай финалға шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асланбек Шымбергенов ширек финалда (71 келіге дейінгі салмақ) үндістандық Сачинмен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды. Есеп 4:1.

Осылайша, Қазақстан құрамасының капитаны Азия біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды.

Қазіргі уақытта турнирдің жартылай финалына он бес қазақстандық шықты. Демек кем дегенде ел қоржынына он бес медаль түсіп отыр.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996087-bokstan-aziya-cempionaty-qazaqstan-quramasynyn-kapitany-zartylai-finalga-syqty/

pixel