Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты: Ел қоржынына тағы бір медаль түсті

Опубликовано:

Нұрбек Оралбай
Нұрбек Оралбай. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нұрбек Оралбай алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалдық жекпе-жекте отандық былғары қолғап шебері Таиланд өкілі Вирапон Чонджохомен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Нұрбек Оралбай Азия біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды.

Қазіргі уақытта турнирдің жартылай финалына он жеті қазақстандық шықты. Демек кем дегенде ел қоржынына он жеті медаль түсіп отыр.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996114-bokstan-aziya-cempionaty-el-qorzynyna-tagy-bir-medal-tusti/

pixel