Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назым Қызайбай Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына медаль салды

Опубликовано:

Назым Қызайбай
Фото: olympic.kz

Бокстан Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Назым Қызайбай екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Назым Қызайбай ширек финалда (50 келіге дейінгі салмақ) Моңғолия спортшысы Балсан Мунгунсаранмен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды. Есеп 3:2.

Осылайша, Назым Қызайбай Азия біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды.

Қазіргі уақытта турнирдің жартылай финалына он сегіз қазақстандық шықты. Демек кем дегенде ел қоржынына он сегіз медаль түсіп отыр.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Иорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996120-nazym-qyzaibai-aziya-cempionatynda-qazaqstan-qorzynyna-medal-saldy/

pixel