Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионатында қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді

Опубликовано:

Сағындық Тоғамбай жекпе-жек барысында
Сағындық Тоғамбай: Спортты дамыту дирекциясы

Иордания астанасы Амманда бокстан ерлер арасындағы Азия чемпионатының жетінші жарыс күні өтіп жатыр. Кешкі сессияда сынға түскен екі қазақстандық боксшы келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

86 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Сағындық Тоғамбай тәжікстандық Навруз Джафоевты 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, 92 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Айбек Оралбай үндістандық Нарвин Кумарды 5:0 есебімен жеңді. Кездесу барысында Айбек қарсыласын үш рет нокдаунға жіберген.

Айта кетелік, бүгін Айбектің сыңары Нұрбек Оралбай да қарсыласын жеңген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996131-aziya-cempionatynda-qazaqstandyq-bokssy-qarsylasyn-us-ret-nokdaunga-ziberdi/

pixel