Бокстан Азия чемпионаты: Ел қоржынында қанша медаль бар

Опубликовано:

Былғары қолғап шебері
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия біріншілігінде жартылай финалға шыққан боксшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Байрақты бәсекенің жартылай финалына жиырма бір қазақстандық шықты. Демек кем дегенде ел қоржынына жиырма бір медаль түсіп отыр.

Жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлері:

Ерлер:

  1. Санжар Ташкенбай (48 келі),
  2. Сәкен Бибосынов (51 келі),
  3. Махмұд Сабырхан (54 келі),
  4. Серік Теміржанов (57 келі),
  5. Саматәлі Төлтаев (60 келі),
  6. Дулат Бекбауов (67 келі),
  7. Асланбек Шымбергенов (71 келі),
  8. Нұрқанат Райыс (75 келі),
  9. Нұрбек Оралбай (80 келі),
  10. Сағындық Тоғамбай (86 келі),
  11. Айбек Оралбай (92 келі),
  12. Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).

Әйелдер:

  1. Алуа Балқыбеков (48 келі),
  2. Назым Қызайбай (50 келі),
  3. Жазира Орақбаева (52 келі),
  4. Жайна Шекербекова (54 келі),
  5. Карина Ибрагимова (57 келі),
  6. Мадина Нұршаева (66 келі),
  7. Дариға Шәкімова (70 келі),
  8. Гүлсая Ержан (81 келі),
  9. Лəззат Күнгейбаева (+81 келі).

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1996138-bokstan-aziya-cempionaty-el-qorzynynda-qansa-medal-bar/