Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдос Сұлтанғали әлем кубогінде неліктен финалға шыға алмағанын айтты

Опубликовано:

Айдос Сұлтанғали
Айдос Сұлтанғали. Фото: uww.org

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының үздігі Айдос Сұлтанғали Бакуде өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Осы орайда, ол неліктен финалға шыға алмағанын айтты, деп жазады Bassport.kz.

Айта кетелік, Айдос "Әлем жұлдыздары" командасының сапында өнер көрсеткен болатын. Бірінші кездесуде әлемдік спортшылар Әзірбайжан құрамасымен кездескен.

"Мен сынға түскен "Әлем жұлдыздары" командасына Сербиядан келетін балуандар қосыла алмай қалды. Олардан коронавирус анықталған екен. Жеке өзім әзірбайжандық қарсыласым Талех Маммадовты ұттым. Одан әлем чемпионатында жеңілген едім, осы жолы есем қайтты.

Ал финалға негізі әзірбайжандық балуандар емес, біз шығуымыз керек еді. Өйткені, біздің командада бір таза жеңіс болды. Әзірбайжандықтар сапынан да бір таза жеңіс есепке алынды. Бірақ оны расымен таза ұтты деуге келмейді. Оның үстіне, кілем қожайыны саналады. Сол себепті, финалға Әзірбайжан құрамасы өтті.

Қола жүлде үшін күресте түрік балуанын 7:1 есебімен жеңіп, команданың жеңісіне үлес қостым. Жарыстың жүлде қоры қомақты. Маған тиесілі сыйақыны федерация арқылы жібереді екен", - деді Айдос.

Еске сала кетейік, Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының екі дүрін қола жүлдегері саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996224-aidos-sultangali-alem-kuboginde-nelikten-finalga-syga-almaganyn-aitty/

pixel