Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан Черногорияға қарсы матч алдында Қазақстан құрамасында өзгеріс орын алды

Опубликовано:

Ринат Төреғазин
Ринат Төреғазин паркетте. Фото: Черногория футбол одағының баспасөз қызметі

Футзалдан 2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Черногория құрамасына қарсы ойында Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында өзгеріс орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

Жарақат алған Дәурен Нұрғожинның орнына рудныйлық "Аяттың" ойыншысы Ринат Төреғазинныі шақыртылғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Ринат Төреғазин – Қазақстан құрамасының қатарындағы Ақтөбе футболының түлегі.

Ол 2017 жылы 6 ақпанда Алматыда Беларусь құрамасымен өткен жолдастық кездесуде алғаш рет ойнады.

Қазақстан құрамасында 9 матч өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада футзалдан Қазақстан құрамасы Черногория құрамасын қабылдайды. Матч Алматы қаласының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Кездесудің басталуы сағат 20:00-де.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1996282-futzaldan-cernogoriyaga-qarsy-matc-aldynda-qazaqstan-quramasynda-ozgeris-oryn-aldy/

pixel