Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олимпиада чемпиондары келеді": Алматыда шорт-тректен Әлем Кубогы өтеді

Опубликовано:

Денис Никиша
Денис Никиша. Фото: olympic.kz

Алматы қаласында 9-11 желтоқсан аралығында шорт-тректен Әлем  Кубогының III, 16-18 желтоқсан аралығында IV кезеңі өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекцисына сілтеме жасап.

"Халық Арена" мұз сарайында әлемнің 30 елінің мықты спортшылары бақ сынамақ. Бұл қатарда Олимпиада мен Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем чемпионаты мен Әлем Кубогы кезеңдерінің жүлдегерлері бар.

Айта кетейік, Монреальда (Канада) өткен Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде ерлер құрамасы 5 шақырым эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Солт-Лейк-Ситидегі (АҚШ) екінші кезеңде Ұлттық құрама 3 жүлде жеңіп алды. Әуелі Абзал Ажғалиев 500 метрде мәреге екінші болып келді. Кейінірек Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс жүлдегер атанса, Әділ Ғалиахметов мың метрге жарыста үздік үштіктен көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996286-olimpiada-cempiondary-keledi-almaty-sort-trekten-alem-kubogy-otedi/

pixel