Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Допинг қолданғаны үшін спорттан шеттетілген Бауыржан Исламхан футболға қайта оралмақ

Опубликовано:

Бауыржан Исламхан ұлттық құрама сапында
Бауыржан Исламхан. Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасының ойыншысы, допинг қолданғаны үшін спорттан екі жылға шеттетілген Бауыржан Исламхан ресми түрде жасыл алаңға оралады. Бұл туралы kazfootball.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сайт мәліметінше, 29 жастағы футболшының дисквалификациясы бүгін аяқталды. Бүгіннен бастап ол кәсіби клубтармен жаттығу жасап, желтоқсан айында жаңа келісімшартқа отыра алады.

Айта кетелік, Бауыржан Исламхан 2020 жылдың қыркүйегінде допингпен ұсталды. Бұл кезде ол Біріккен Араб Әмірліктеріндегі "Әл-Айн" клубының намысын қорғап жүрген болатын.

Исламхан кәсіби мансабында 311 матчта өнер көрсетіп, 74 гол соққан және голға айналған 71 пас берген.

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 46 ойын өткізіп, 3 гол соқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1996416-doping-qoldangany-usin-sporttan-settetilgen-bauyrzan-islamxan-futbolga-qaita-oralmaq/

pixel