Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионаты: Финалға шыққан алғашқы қазақстандықтың есімі белгілі болды

Опубликовано:

Жайна Шекербекова
Жайна Шекербекова. Фото: kfb.kz

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандықтың есімі белгілі болды. Ол 54 келіде ел намысын қорғаған - Жайна Шекербеков, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жайна Шекербекова Азия чемпионатының жартылай финалында Тайвань өкілі Хуан Сяо Веньді айқын басымдықпен ұтты. Есеп: 5-0.

Айта кетейік, Жайна – 2010 жылы Астанада өткен құрлық бәсекесінің жеңімпазы. Әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996454-bokstan-aziya-cempionaty-finalga-syqqan-algasqy-qazaqstandyqtyn-esimi-belgili-boldy/

pixel