Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоржынға қола медаль түсті": Назым Қызайбай Азия біріншілігінің жартылай финалында жеңілді

Опубликовано:

Назым Қызайбай жекпе-жек кезінде
Назым Қызайбай. Фото: kfb.kz

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында Назым Қызайбай қарсыласына есе жіберді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі

50 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Қазақстандық боксшы жартылай финалда Жапония өкілі Намики Цукимиден жеңіліп қалды. Есеп: 1-4.

Осылайша, Назым Қызайбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр.

Бұл отандық былғары қолғап шеберінің құрлық додасындағы екінші жүлдесі. Ол былтыр Дубайда чемпион атанған еді.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996456-qorzynga-qola-medal-tusti-nazym-qyzaibai-aziya-birinsiliginin-zartylai-finalynda-zenildi/

pixel