Футзалдан Қазақстан мен Черногория арасындағы матчқа ұлттық құраманың капитаны қатыспайтын болды

Опубликовано:

игита
Игита баспасөз мәслихатында. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Черногорияға қарсы ойыны қарсаңында Қазақстан құрамасында тағы да өзгеріс орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

Команда капитаны Лео Игита ойыналды жаттығуда арқа жарақатын алды. Оның орнына алматылық "Қайраттың" қақпашысы Нарун Серіков ұлттық құрамаға шақырылды. 

Осылайша, жарақаттарына байланысты Черногорияға қарсы Эдсон, Дәурен Нұрғожин және Игита ойнамайды.

Естеріңізге сала кетейік, матч бүгін, 9 қарашада, Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Кездесудің басталуы сағат 20:00-де.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1996468-futzaldan-qazaqstan-men-cernogoriya-arasyndagy-matcqa-ulttyq-quramanyn-kapitany-qatyspaityn-boldy/