Футзалдан Қазақстан құрамасы Черногорияны 7-0 есебімен ұтты

Опубликовано:

Футзал
Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің үшінші ойынын Черногорияға қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы қаласындағы "Балуан шолақ" спорт кешенінде өткен матчта Қазақстан құрамасы Черногорияны 7:0 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасынан Дуглас, Әбдірасул Абдуманапұлы, Арнольд Кнауб, Альберт Ақбалықов, Біржанов Оразов екі рет және Азат Валиуллин көзге түсті.

Қазіргі уақытта ұлттық құрама өз тобында тоғыз ұпаймен көш бастап тұр.

Үш ұпайы бар Словения екінші орынға жайғасқан.

Ал Черногорияда әзірге ұпай жоқ.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтағы соңғы матчын сырт алаңда Словенияға қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1996480-futzaldan-qazaqstan-quramasy-cernogoriyanyn-7-0-esebimen-utty/