Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызайбай мен Шәкімова ұтылды": Азия чемпионатының финалына кімдер шықты

Опубликовано:

Алуа Балқыбекова жекпе-жек барысында
Алуа Балқыбекова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Иордания астанасы Амманда бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесулері аяқталып, ақтық сынға жолдама алған боксшылар белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финал қорытындысы бойынша, төрт қазақстандық боксшы финалға жолдама алды. Олар - Алуа Балқыбекова (48 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі).

Ал тағы бес боксшымыз турнирді қола жүлдемен аяқтап отыр. Назым Қызайбай, Жазира Орақбаева, Мадина Нұршаева, Ләззат Күнгейбаева және Дариға Шәкімова Азия біріншілігінде үздік үштікке енген.

Қола жүлдегер атанған Назым екі дүркін әлем чемпионы, ал Шәкімова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері екенін еске саламыз.

Айта кетелік, бокстан былтырғы Азия біріншілігінде Қазақстан әйелдер командасы рекордтық көрсеткіш тіркеп, 7 алтын жеңіп алған еді.

Аммандағы Азия біріншілігінде енді ерлер командасы финал жолдамасы таласады. Ерлер арасындағы бәсеке 10 қарашада өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996487-qyzaibai-men-sakimova-utyldy-aziya-cempionatynyn-finalyna-kimder-syqty/

pixel