Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кёрлингтен Қазақстан құрамасы А дивизионындағы орнын сақтап қалды

Опубликовано:

Керлинг
Көрнекі фото: pexels.com

Канаданың Калгари қаласында алғаш рет керлингтен барлық құрлықтағы елдерді қамтитын чемпионат (Pan Continental Championships) өз мәресіне жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

А дивизионында сынға түскен Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Канада, Аустралия, АҚШ пен Жапонияға жол берді. Ал топтық кезең аяғында Гонконг (7:5) пен Бразилиядан (13:7) басым түсті.

Осының арқасында Ұлттық құрама 7-сатыға тұрақтап, келесі жылы А дивизионында өнер көрсететін болды.

Қазақстан құрамасының ойыншылары: Тылсымай Аллиярова, Анджелина Эбауер (скип), Екатерина Колыхалова (вице-скип), Регина Эбауйер, Мерей Тастемір;

Жапония құрамасы финалда Оңтүстік Кореядан мықты екенін дәледеп (8:6), чемпион атанса, қола медаль АҚШ-тан айласын асырған Канадаға бұйырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996489-kyorlingten-qazaqstan-quramasy-a-divizionyndagy-ornyn-saqtap-qaldy/

pixel