Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионатының финалына шыққан қазақстандықтардың қарсыласы кім

Опубликовано:

Алуа Балқыбекова жекпе-жек барысында
Алуа Балқыбекова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына Алуа Балқыбекова, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Гүлсая Елжан шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Алуа Балқыбекова финалда Жапония өкілі Като Хикарумен жұдырықтасады.

Ал Жайна Шекербекованың (54 келі) қарсыласы Таиланд боксшысы Джутамас Джитпонг болмақ.

Карина Ибрагимова (57 келі) алтын медаль үшін таласта жапониялық Ирие Сенамен кездессе, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Гүлсая Елжан ақтық мәреде үндістандық Сиватимен жолығады.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 қараша күні болады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996532-bokstan-aziya-cempionatynyn-finalyna-syqqan-qazaqstandyqtardyn-qarsylasy-kim/

pixel