Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстан Испанияға есе жіберді

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: ktf.kz

Ұлыбританияның Глазго қаласында өтіп жатқан теннистен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар жеңіліске ұшырады. Бұл туралы федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина бастаған қазақстандықтар Испания құрамасымен кездескен болатын. Біздің спортшыларға әлемнің бес дүркін чемпиондарын ұту мүмкін болмады.

Алдымен Юлия Путинцева қарсыласқа есе жіберсе, Елена Рыбакина әлемнің 13-ракеткасы Паола Бадосаға 2:6, 6:3, 4:6 есебімен жол берді.

Жұптық сында Юлия Путинцева мен Анна Данилина испандық Пауле Бадоса/Алена Большова жұбынан екі сет қорытынды бойынша жеңілді.

Осылайлша, Қазақстан командасы жарысты аяқтады. Айта кетелік, алғашқы матчта біздің спортшылар Ұлыбританияны 3:0 есебімен ұтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996535-tennisten-alem-cempionaty-qazaqstan-ispaniyaga-ese-ziberdi/

pixel