Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Азия чемпионатының жартылай финалы: бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан: kfb.kz

Бүгін, 10 қарашада Иорданияның Амман қаласында Азия чемпионатының жартылай финалы өтеді. Байрақты бәсекенің финалына берілетін жолдама үшін Қазақстанның 12 боксшысы шаршы алаңға шығады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Күндізгі сессия:

48 келі Санжар Ташкенбай - Говинд Кумар Сахани (Үндістан),

54 келі Махмұд Сабырхан - Шахзод Музафаров (Өзбекстан),

60 келі Саматәлі Төлтаев - Мохаммад Абу Джаджех (Иордания),

67 келі Дулат Бекбауов - Асадхуджа Муйдинхуджаев (Өзбекстан),

75 келі Нұрқанат Райыс - Сейедшахин Мусави (Иран),

86 келі сағындық Тоғамбай - Одаи Рияд Адеальхиндави (Иордания),

+92 келі Қамшыбек Қоңқабаев - Мухаммад Аброридинов (Тәжікстан.

Кешкі сессия:

51 келі Сәкен Бибосынов - Томоя Цубои (Жапония),

57 келі Серик Теміржанов - Хуссам Уддин Мохаммед (Үндістан),

71 келі Асланбек Шымбергенов - Бьямберден Отгонбаатар (Моңғолия),

80 келі Нұрбек Оралбай - Хуссейн Эйшаиш Иашайш (Иордания),

92 келі Айбек Оралбай - Туфан Шарифи (Иран).

Былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жектері астана уақытымен 16:00-де(күндізгі сессия) және 21:00-де (кешкі сессия) басталады.

Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996543-bokstan-aziya-cempionatynyn-zartylai-finaly-bugin-sarsy-alanga-kimder-sygady/

pixel