Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлар белгілі болды

Опубликовано:

Теледидар пульті
Көрнекі фото: pexels.com

Qazaqstan және Qazsport телеарналарында 2022 жылғы 20 қарашада Қатарда басталатын футболдан Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлар белгілі болды. Олардың саны 14, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазақстан" телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тікелей эфирде қазақ тілінде Есей Жеңісұлы, Ермұхамед Мәулен, Жандос Байділдә, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Әлімжан Асқарұлы, Руслан Бақытжан, орыс тілінде Сергей Райлян, Ербол Қайыров, Дмитрий Настеренко, Виктор Кирилюк, Дінмұхаммед Төлегенов, Дидар Қадыров және Әділет Құсайынов комментаторлық етеді.

Әлем чемпионатының 64 матчы Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан көрсетіледі.

Qazaqstan телеарнасындағы ойындар тек қазақ тілінде жүргізіледі.

Алғашқы ойын 20 қараша күні елорда уақытымен 22:00-де Катар - Эквадор командалары арасында өтеді.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1996547-futboldan-alem-cempionatyn-zurgizetin-kommentatorlar-belgili-boldy/

pixel