Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Францияның Әлем чемпионатына қандай құраммен баратыны белгілі болды

Опубликовано:

Франция
Францияның мемлекеттік туы. Фото: pexels.com

Футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатына баратын Франция құрамасының толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Франция футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам тізімге 25 футболшыны қосқан. Олардың қатарында әлем футболының жарық жұлдыздарының бірі Карим Бензема мен Киллиан Мбаппе бар.

Қақпашылар:

  1. Альфонс Ареоля ("Вест Хэм"),
  2. Уго Льорис ("Тоттенхэм"),
  3. Стив Манданда ("Ренн").

Қорғаушылар:

  1. Люка Эрнандес ("Бавария"),
  2. Тео Эрнандес ("Милан"),
  3. Кимпембе ("ПСЖ"),
  4. Ибраима Конате ("Ливерпуль"),
  5. Жюль Кунде ("Браселона"),
  6. Бенжамен Павар ("Бавария"),
  7. Салиба ("Арсенал"),
  8. Дайо Упамекано ("Бавария"),
  9. Рафаэль Варан ("Манчестер Юнайтед").

Жартылай қорғаушылар

  1. Эдуардо Камавинга ("Реал Мадрид"),
  2. Юссуф Фофана ("Монако"),
  3. Маттео Гендузи ("Марсель"),
  4. Адриен Рабьо ("Ювентус"),
  5. Орельен Тчуамени ("Реал Мадрид"),
  6. Жордан Верету ("Марсель"),
  7. Кингсли Коман ("Бавария"),
  8. Усман Дембеле ("Барселона").

Шабуылшылар:

  1. Карим Бензема ("Реал Мадрид"),
  2. Оливье Жиру ("Милан"),
  3. Антуан Гризманн ("Атлетико"),
  4. Килиан Мбаппе ("ПСЖ"),
  5. Кристофер Нкунку ("Лейпциг").

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.

Байрақты бәсекенің финалдық кезеңіне 32 құрама қатысады.

Соңғы рет футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде өткен еді. Қазіргі әлем чемпионы – Франция ұлттық құрамасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1996598-franciyanyn-alem-cempionatyna-qandai-qurammen-baratyny-belgili-boldy/

pixel