Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионаты: Мадмұд Сабырхан мен Санжар Ташкенбай финалға шықты

Опубликовано:

Санжар Ташкенбай
Санжар Ташкенбай шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Бүгін, 10 қарашада Иорданияның Амман қаласында Азия чемпионатының жартылай финалы өтіп жатыр. Шаршы алаңға шыққан Махмұд Сабырхан мен Санжар Ташкенбай қарсыластарынан айласын асырып, финалға шықты. Ал Саматәлі Төлтаев байрақты бәсекенің қола жүлдесін қанағат тұтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырған жартылай финалда Өзбекстан өкілі Шахзод Музафаровты ұтты.

Ал 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Санжар Ташкенбай болса Үндістанның былғары қолғап шебері Говинд Кумар Саханиді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп отыр.

Сонымен қатар жартылай шыққан Саматәлі Төлтаев та бүгін шаршы алаңға көтерілді. 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандық боксшы Иордания өкілі Мохаммада Абу Джаджехаға есе жіберді.

Осылайша, Саматәлі Төлтаев Иорданияның Амман қаласында Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996638-aziya-cempionaty-madmud-sabyrxan-men-sanzar-taskenbai-finalga-syqty/

pixel