Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоңқабаев пен Сабырхан бар": Азия чемпионатының финалына кімдер шықты

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатында. Амман, 10 қараша 2022 жыл
Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында күндізгі сессия аяқталды. Жартылай финал қорытындысы бойынша, бес қазақстандық боксшы финалға өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

48 келідегі Санжар Тәшкенбай үндістандық Говинд Кумар Саханиді таза жеңіп, финалға өтті. Жастар арасында әлем чемпионы атанған Санжар енді ересектер арасында құрлық додасының алтынына таласады.

54 келідегі Махмұд Сабырхан өзбекстандық Шахзод Мұзафаровты таза жеңсе, 57 келідегі Серік Теміржанов қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты автоматты түрде финалға өтті.

67 келідегі Дулат Бекбаев өзбекстандық Асадқожа Муйдинқожаевты ұтса, 75 келідегі Нұрқанат Райыс ирандық Сейтшахин Мусавиді жеңді.

Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев тәжікстандық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.

60 келідегі Саматәлі Төлтаев пен 86 келідегі Сағындық Тоғамбай турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

Кешкі сессияда тағы төрт қазақстандық жұдырықтасады. Кездесулер Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996649-qonqabaev-pen-sabyrxan-bar-aziya-cempionatynyn-finalyna-kimder-syqty/

pixel