Футболдан Қазақстан кубогының бас төрешісі белгілі болды
Опубликовано:

Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік ету және инспекциялау департаменті футболдан OLIMPBET-Қазақстан кубогы финалының төрешілері мен инспекторларын анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футболдан OLIMPBET-Қазақстан Республикасы Кубогының финалы 12 қараша күні өтеді деп жоспарланып отыр.
Ақтық мәреде оралдық "Ақжайық" пен шымкенттік "Ордабасы" кездеседі.
Төрешілер: Кучин Артем (Қарағанды), Тергеусізов Самат (Алматы), Калачев Сергей (Атырау).
VAR төрешісі: Сахи Данияр (Қызылорда).
AVAR төрешісі: Мағау Наргис (Алматы).
Қосалқы төреші: Нұрмұстафина Эльвира (Теміртау).
Инспектор: Кулаков Александр (Алматы).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1996665-futboldan-qazaqstan-kubogynyn-bas-toresisi-belgili-boldy/