Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Исламхан Ұлттық құрамаға шақыртылды: Қазақстанның бас бапкері пікір білдірді

Опубликовано:

Бауыржан Исламхан
Бауыржан Исламхан жасыл алаңда. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Бауыржан Исламханға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін Бауыржан Исламханның Қазақстан ұлттық құрамасының қараша айында Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктері құрамасымен өткізетін жолдастық матчтарына шақырту алғаны белгілі болған.

Бұған қатысты Магомед Адиев пікір білдіруді ұмытпады.

"Бауыржан туралы көп естігенмін. Оның үлкен таланты мен мол тәжірибесі бар. Алдағы оқу-жаттығу жиынында оның физикалық дайындығын қарағым келеді. Өйткені, екі жылдай Исламханның ойын тәжірибесі болмады. Оқу-жаттығу жиынында оның бабы қандай екенін байқап, алдағы ойындарға қаншалықты дайын екенін білетін боламыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1996667-islamxan-ulttyq-quramaga-saqyrtyldy-qazaqstannyn-bas-bapkeri-pikir-bildirdi/

pixel